Нұр-Сұлтанда 7,5 мың бейнекамера орнатылады
22 Қаңтар 2021 14:35 711

«2020 жылы пилоттық режимде «Қауіпсіз аула» бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында Нұр-Сұлтанда 1 мыңға жуық бейнекамера орнатылды. Биыл бейнекамералар санын 7,5 мыңға көбейтуді жоспарлап отырмыз. Нәтижесінде қала тұрғындары қауіпсіз аймақта өмір сүреді деп айта аламыз», – деді басқарма басшысы.
Ботагөз Қасабектің айтуынша Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы IT бастамалар мен хакатондарды қолдауға дайын. Шаһарда жаңа технологиялар саласындағы жарыстар мен олимпиадалар жиі ұйымдастырылып тұрады.