Нұр-Сұлтанда асфальт опырылып түсті

933

 Асфальттың опырылып түсуіне кәріз құдығының шайылуы себеп болған.

Нұр-Сұлтанда асфальт опырылып түсті

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел 39 мекенжайындағы асфальт опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала  әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қазіргі уақытта "Астана Су Арнасы" МКК Мәңгілік Ел 39 асфальті опырылып түскен учаскеде кәріз құдығын қайта жаңарту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні жолдың астындағы кәріз құдығы ауыстырылады. Асфальттың опырылып түсуіне кәріз құдығының шайылуы себеп болған", -- делінген хабарламада.

Апатты қалпына келтіру жұмыстары кезінде Мәңгілік ел даңғылындағы автокөліктердің қозғалысы шектелмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу