Нұр-Сұлтанда наурыз мейрамы тойланбайды

1464

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері осылай мәлімдеді. 

Нұр-Сұлтанда наурыз мейрамы тойланбайды Фото: Мария Матвиенко

Биыл бас шаһарда ұлыстың ұлы күні – наурыз мейрамы тойланбайды деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Наурыз мейрамын жаппай тойлауға тыйым салынған", – деді Сархат Бейсенова.

Оның сөзінше, инфекцияның таралуына тосқауыл қою мақсатында бұқаралық іс-шара ұйымдастыруға тыйым салынған. 

"Қала тұрғындары санитарлық шараларды қатаң сақтауға тиіс. Демалыс, мереке күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі. Адамдар көп жиналатын орындарға барудың, бетпердесіз жүрудің науқас адамдармен байланыста болудың соңы азаматтардың денсаулығына кері әсер етеді. Осыны қаперде ұстау қажет", – деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Оның айтуынша, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша "Қызыл аймаққа" енді.

"Пандемия басталғаннан бері Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырудың 
26 124 жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін 24 мың 309 науқас жазылды", – деді Сархат Бейсенова.

Айта кетейік, биыл наурыз мерекесі Алматыда да тойланбайды. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу