Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғасы қысқарып, өлім саны азайды

726

Елордада қолданысқа енгізілген интеллектуалды көлік жүйесі өткен жылы жол-көлік оқиғасын 32%-ға, жарақат алушылар санын 42%-ға, өлім санын 14%-ға қысқартты. 

Нұр-Сұлтанда жол-көлік оқиғасы қысқарып, өлім саны азайды

Нұр-Сұлтан қаласы цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының орынбасары Айдос Қолдасовтың айтуынша, интеллектуалды көлік жүйесі жол қозғалысының қауіпсіздігін арттырды. 

"Интеллектуалды көлік жүйесі қаладағы көлік қозғалысын бақылауға, жол кептелісін азайтуға, ең бастысы жол-көлік оқиғасының салдарынан болатын өлім санын қысқартуға ықпал етті", – деді Айдос Қолдасов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу