Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

971

Отырыста Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан мен Куба республикаларына Еуразия экономикалық одағы жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесін беру арқылы бірлестіктің географиялық ауқымын кеңейтудің келесі кезеңінің маңызын атап өтті, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.  

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты

– Біз жұмысты одан әрі күшейтіп, одақтың өзге елдермен және интеграциялық бірлестіктермен өзара ықпалдастығын жалғастыруымыз керек, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында COVID-19 пандемиясына қарсы күресте өзара гуманитарлық көмек алмасудағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

– Бірлескен іс-шаралар дағдарыс салдарын еңсеруге және одақтың дамуын жоғары деңгейге көтеруге септігін тигізеді деп сенемін, – деді Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы.

Нұрсұлтан Назарбаев одақ экономикасын одан әрі дамыту, оның ішінде әлемдік өндіріс пен сауда жолдарын тарту үшін зор әлеует бар екенін атап өтті.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы  қазіргі жағдайда бірлесе дамудың бірнеше бағытын ұсынды.

– Одақ елдерінің өндірістік әлеуетін интеграциялау қарқынын жеделдету керек. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аумағында және одан тыс жерлерде де сауда көлемін ұлғайту қажет. Сонымен қатар біздің бірлестігіміз цифрландырылған белсенді платформаға айналуға тиіс. Бұл одаққа мүше елдердің экономикалық қарым-қатынастарына оң әсерін тигізеді, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті одақтың ортақ нарығын құру және кедергісіз кеңістік қалыптастыру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

– Біз бірлесе отырып, Еуразиялық экономикалық одақты одан да күшті және бәсекеге қабілетті ете алатынымызға сенімдімін. Ортақ нарық пен кедергісіз кеңістік қалыптастыру жұмысын жалғастыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы  бүгінгі отырыс қорытындысы бойынша барлық тарап үшін өзара тиімді шешімдер қабылдауға болатынына сенім білдірді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу