Нұртөре Жүсіп келесі жылы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын атап өтуге шақырды

1627

"Мысыр елінің Бейбарыс сұлтан туралы 30 сериялық киносын қазақ тіліне аудару керек"

Нұртөре Жүсіп келесі жылы Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын атап өтуге шақырды

"1989 жылы түсірілген "Сұлтан Бейбарыс" телефильмін араб және ағылшын тіліне аударып, Мысыр елінде көрсетуді, Президент тапсырмасына сай әзірленіп жатқан шетелдіктерге арналған тарих оқулығына Бейбарыс бастаған қыпшақ сұлтандары туралы деректерді қосуды, Египет елінің Бейбарыс сұлтан туралы 30 сериялық киносын қазақ тіліне аударып, халыққа таныстыруды, жазушы-драматург Р.Отарбаевтың "Бейбарыс сұлтан" пьесасын Мысыр сахнасына қоюды, Мәмлүктер кезеңінде жазылған, қазақ тарихы үшін маңызы зор араб және қыпшақ ғалымдарының еңбектерін қазақшаға аударып, кітап етіп шығаруды сұраймыз", – деді сенатор премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына сауал жолдап. 

"Еуразия даласының тумасы, Мысырдың ұлы билеушісі Бейбарыс сұлтанның Қазақстан үшін де, Мысыр үшін де маңызы зор. Қазақстан мен Мысыр арасындағы қарым-қатынас жақсы. Екі елдің басшылары жақында ғана телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Мысырды байланыстыратын тарихи тұлғалар бар. Солардың ішінде Сұлтан Бейбарыстың есімі ерекше аталады. Бейбарыс билігі тұсында салынған тарихи ескерткіштер күні бүгінге дейін Каир қаласының сәнін келтіріп тұр", – деді депутат сенаттың жалпы отырысында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу