Оңалту инсульт қатерін 25%-ға төмендетеді

996

COVID-19-дан кейінгі ем міндетті сақтандыру аясында тегін жүргізіледі.  

Оңалту инсульт қатерін 25%-ға төмендетеді

Коронавирустық инфекциядан кейін медициналық оңалту туралы брифингте невролог-эпилептолог, реабилитолог Лейла Даирбаева осылай деп мәлімдеді.

"Кез келген аурудан кейін оңалтудың маңызы зор. Себебі ол індеттен соң қалыпқа келуге көмектесіп қана қоймай, одан кейінгі созылмалы аурулар мен асқынулардың алдын алады. Мәселен, көрсеткіштерге қарасақ, жүрек қан тамырлары ауруларынан кейінгі оңалту инсульт қатерін 25%-ға төмендетеді", – дейді дәрігер.

Реабилитолог коронавирустық инфекциядан айыққан адамға оңалту шаралары Міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін жүргізілетінін айтады. Ол үшін науқас стационардан шыққаннан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша емханаға баруы тиіс.

"Сақтандырылмаған азаматтар оңалту шараларын жұмыс беруші есебінен және жеке қаражаты есебінен ала алады. Оңалту үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезең індеттен айыққанан кейін басталады. Ол үшін науқас стационардан шыққан соң, жалпы тәжірибе дәрігеріне жүгінеді. Егер COVID-19-бен ауырған адамда әлі де ентігу, әлсіреу сынды белгілер болса дәрігер оған арнайы маршрут дайындайды. Маршрут дегеніміз – жағдайы жақсы науқастардың емхана аясында амбулаторлық ем алуы. Ал кислородқа тәуелді, жағдайы ауыр науқастар көп салалы ауруханалардың Оңалту бөлімдеріне жатқызылады", – деді реабилитолог.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу