Оңтүстік Кореяда еліміздің 2 азаматы қаза тапты, деп хабарлайды Atameken Business.
Көз жұмғандар түркістандық 20 жастағы жігіт және Нұр-Сұлтан қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды. Алғашқысы зауытта жүріп, шамамен 8-9 метр биіктіктен құлап мерт болған. Ал 1970 жылы туған әйел алманы жұлып алу үшін мінген баспалдақтан құлап, қайтыс болыпты. Отандастарымыз Кореяда заңсыз жүрген болып шықты. Қазір тергеу жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу