Оралда 52 қоғамдық ғимаратта мүгедектердің еркін жүріп-тұруына жағдай жоқ

1234

Бүгінгі таңда Орал қаласында 8,5 мың мүгедек өмір сүреді.

Оралда 52 қоғамдық ғимаратта мүгедектердің еркін жүріп-тұруына жағдай жоқ

Аталған ғимараттарда пандустар, белгілер, тактильді жолақтар, санитарлық-тұрмыстық орындар мүлдем қарастырылмаған, деп хабарлайды mgorod.kz.

Орал қаласының еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Ерлан Ғалиевтің айтуынша, белгілі бір санатқа жатқызылған мүгедектерге, яғни арбамен жүретін, тірек-қимыл аппаратының кемістігі бар, зағип және көзі көрмейтін мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарына кіріп-шығуына жағдай жасалуға тиіс. 

"Қаладағы 52 ғимаратта мүгедектерге қызмет көрсетуге лайықталмағаны анықталды. Олар бұған қаржының жоқтығын сылтау етеді. Олардың көбісі – банк, сауда үйлері, сұлулық салондары, нотариалдық кеңселер, супермаркеттер. Барлық нысандар келесі жылдың соңына дейін мүгедек жандарға қолжетімді болуға тиіс. Талап орындалмаған жағдайда айыппұл салынатын болады", – деді Ерлан Ғалиев.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Орал қаласында 8500 мүгедек өмір сүреді. Олардың 450-і арбаға таңылған. Тағы 1 мыңға жуық көзі нашар көретін мүгедек бар болса, 180 адам – есту мүмкіндігінен айырылғандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу