Оралда бетон бұйымдарын шығаратын зауыт толық қуатымен жұмыс істей бастады

1425

Оралда бетон бұйымдарын шығаратын зауыт толық қуатымен жұмыс істей бастады

Оралда ұсақ бетон бұйымдарын шығаратын зауыт толық қуатымен жұмыс істеуге көшті деп мәлім етті "Hess-Oral" ЖШС директоры  Болат Шәкімов. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" жазып отыр. Құны  870 млн теңге тұратын жоба индустрияландыру картасына енген.

Кәсіпорын 8 түрлі өнім шығарады. Өндіріске жергілікті және сырттан әкелінетін шикізат пайдаланылады. Зауытта  30 адам тұрақты жұмыс істейді.  Бір ауысымда 1 мың шаршы метр тақтатас, жол плиталары, 2 кездік шақырым бордюр және 8 мың дана қабырға блоктары шығарылады. Дайын өнім облыс аумағында сатылады.  Болат Шәкімовтың айтуынша,  қазіргі таңда  бетон бұйымдарын жеткізу туралы көршілес аймақтармен келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорын алдағы уақытта өндірістің екінші желісін іске қосып,  шығаратын өнім түрлерін көбейтпекші. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу