Оралда мектеп әжетханасына бейнекамера орнатыпты

1000

Ол істен шыққан құрылғы болып шықты.

Оралда мектеп әжетханасына бейнекамера орнатыпты

Орал қаласындағы №26 орта мектептің оқушы қыздары мектеп әжетханасындағы жасырын камераны фотоға түсіріп алып, редакцияларға жолдағаннан кейін шу шықты. Жергілікті БАҚ өкілдері бұл жайдың рас-өтірігіне көз жеткізу үшін ол жерге арнайы барып та көреді.

Анықталғандай, бұл мектепке 36 камера орнатылған. Оның 12-сі білім ұйымының сыртында да, қалғаны – ішке, көбінесе, дәліз бойына орнатылған. Ал мектеп директоры Ләззат Қазтуғанова қыздар дәретханасында тұрған бейнебақылау құрылғысының өзі емес, оның муляжы екенін айтып, оның төмен қарап тұрғанын, ешқандай сымы жоғын және бақылау пультімен қосылмағанын көрсеткен.

"Әжетхана бастапқыда ер адамдарға арналған болатын. Жоғары сыныптағы ер балалардың арасында әжетханада бір-бірінен ақша сұрау, бопсалау оқиғалары көбейіп кеткесін олар камерадан қорқып, аяқ тартып жүрсін деген оймен көшірмесін жасап, құрып қойғанбыз. Кейін алып тастауды ұмытып кетіппіз", - деп түсіндіреді мектеп басшысы.

Оның айтуынша, әжетханада ешқандай бейнекамера болған емес және ешқашан болмайды.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу