Оралдық кәсіпорын "ТМД премиясы-2019" байқауына жолдама алды, деп хабарлайды Atameken Business.
Мүндай мүмкіндік кәсіпорынға "Қазақстанның үздік тауары" байқауын жеңіп алғаннан кейін берілген. Осыған орай кәсіпорынның жұмысын көзбен көру үшін Тәжікстан мен Белорусиядан арнайы комиссия келген. Олар өндіріс ошағының әлеуетін екі күн бойы саралаған.
Айта кетейік, ТМД премиясы екі жылда бір рет берілетін марапат. Оған қатысуға жолдама алған компаниялардың барлығы өз елінің үздік тауар өндірушілері дейді мамандар.
"Компания жаңа технологияларды енгізу, тауар өндіру, оның сату бойынша жақсы жетістіктер көрсетіп отыр. Сондықтан дәл осы кәсіпорынның премияны алуға толық мүмкіндігі бар деп ойлаймын",– дейді "ТМД премиясы" конкурсының сарапшысы Олег Щербич.