Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді

695

Азаматқа қатысты материал оны 389-бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін аумақтық балық инспекциясына жіберілді. 

Өскемен тұрғынынан бір тоннадан астам балық тәркіленді

Онда тасымалданатын жүк үшін тиісті құжаттар болмаған, деп хабарлайды YK-news.kz.

Облыс орталығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шара барысында "ГАЗ-3302" көліктегі Өскемен қаласының тұрғынының бір тоннадан астам балық алып келе жатқаны белгілі болды. Тексеру кезінде оның  жүк тасымалдауға арналған құжаттары жоқтығы анықталды.

"Көліктегі балықтың жалпы салмағы 1182 килограмды болды, – деп хабарлады Өскемен полици басқармасының баспасөз қызметі. – Ер адамның айтуынша, ол балықты Күршімнен "жеке пайдалануы үшін" сатып алған".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу