Өскеменде көпірдің құлау себебін прокуратура анықтайтын болады

945

Өскеменде көпірдің құлау себебін прокуратура анықтайтын болады

Өскеменде Ертіс өзеніндегі көпірдің ескі бөлігі құлауына қатысты облыстық прокуратура ҚР ҚК 277-бабы бойынша (тау және құрылыс жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздік ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Қадағалау органы оқиғаның нақты себептері мен жөндеу жұмыстарына жауапты тұлғалардың кінәсін анықтау үшін шаралар кешені жүріп жатқанын айтты. Әзірге көліктер мен жаяу жүргіншілер өтіп жатқан жаңа көпір конструкциясында да ақау бар деуге еш негіз жоқ. Оқиға ШҚО прокуроры Бағбан Тайымбетовтың ерекше бақылауына алынды.

Еске сала кетсек, бүгін 09:41-де жөндеу жұмыстары уақытында көпір аралығының конструкциясы сол жаққа қарай қисайып, салдарынан көпірдің ескі бөлігі құлады. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқандықтан, ондағы көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы тоқтап тұрған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Тек көпір құрылысымен айналысатын ұйымның екі жұмысшысы көпірдің қисайған бөлігінде қалып қойды. Тағы бір жұмысшы аяғынан жарақат алды. Оқиға орнында апаттық құтқару жасағы, "Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстар қызметі" құтқарушылары жұмыс жүргізуде. Құтқарушылар арқанның көмегімен 2 ер адамға төменге түсуіне көмектесті. Олардың өміріне еш қауіп төнген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу