Отандық өнім экспортының көлемін 9,9 млрд долларға дейін арттыру көзделген

АӨК-те енгізілген ғылыми әзірлемелердің үлесін 14,5%-дан 40%-ға дейін ұлғайту жоспарланған. 

Отандық өнім экспортының көлемін 9,9 млрд долларға дейін арттыру көзделген Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

Жиында мал шаруашылығында селекцияның заманауи әдістерін енгізуге, жемшөп өндірісін ынталандыруға, жайылым инфрақұрылымын дамытуға және жалпы ауыл шаруашылығы жануарларының санын көбейтуге баса назар аударылады.

"Отандық өнім экспортының көлемін арттыру мақсатында шетелдік жеткізушілер тізілімдерінде қазақстандық кәсіпорындардың тізбесін кеңейту бойынша жұмыс жүргізіледі. Бұл экспортты 9,9 млрд долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деді министр. 

Аграрлық ғылымға келетін болсақ, өндіріске қолданбалы әзірлемелерді енгізумен және оларды коммерцияландырумен байланысты проблемаларды шешу, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесі бойынша білімді таратудың заманауи ұлттық жүйесін құру жоспарлануда.

"Аграрлық ғылымды бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруды жыл сайын ұлғайту, жас ғалымдар үшін салалық гранттық қаржыландыруды енгізу көзделіп отыр. Нәтижесінде АӨК-те енгізілген ғылыми әзірлемелердің үлесі 14,5%-дан 40%-ға дейін ұлғаюы тиіс", — деді Ербол Қарашөкеев.

Жалпы, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру ішкі нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен молайтуға, 70 мыңға жуық шаруашылық пен шамамен 400 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу