Шараға Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктерінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің және отандық кәсіпорындардың өкілдері қатысты, деп жазады inbusiness.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Химия өнеркәсібі басқармасының басшысы Лаура Өтемұратованың айтуынша, бүгінде отандық пестицидтер өндірісі 13%-дан аспайды, бұл импорттық пестицидтердің артықшылықтарымен байланысты. Ел аумағында пестицидтерге арналған шикізат өндірісі жоқ, сондықтан бұл бағыт толығымен импортқа тәуелді. Пестицидтердің құнындағы шикізатқа жұмсалатын шығындардың үлесі шамамен 90%-ды құрайды.
"2021 жылы шикізат импорты – 37 734 тоннаны құрады, жалпы құны 104,2 млн. АҚШ доллары. Отандық кәсіпорындардың импортқа тәуелділігі бәсекеге қабілеттілікті төмендетіп, өндіріс көрсеткіші 13%-дан аспай отыр. Өз кезегінде отандық кәсіпорындар жылына 90 млн. литрге дейін өнім өндіре алады, бұл ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің отандық өндірістегі пестицидтердің негізгі түрлерімен 100%-ға қамтамасыз етуге жеткілікті", – деп атап өтті Лаура Өтемұратова.
Осыған байланысты Министрлік пестицидтерді өндіру үшін шикізатпен қосылған құн салығынан босатылатын импортталатын тауарлардың тізбесін толықтыра отырып, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, атап айтқанда 399-бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс білдірді.
Министрліктің ұсынысы агрохимия секторының бір бағыты – пестицидтер өндірісін дамытуды ынталандыру қажеттілігімен байланысты. Өз кезегінде салық кодексіне өзгерістер енгізу отандық пестицидтерді өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың қатарын кеңейтуге және импортты алмастыруға бағытталған.