Өткен жылы елордада 2 мыңнан астам адамды ит қапқан

1137

Былтыр иесіз кезіп жүрген 3 мыңдай ит ұсталған. Ал биылғы үш айда 1 мыңға жуығы ауланыпты.

Өткен жылы елордада 2 мыңнан астам адамды ит қапқан

Бұралқы итті аулап, жоюға "Астана ветсервис" мамандары жауапты. Оларға тәулігіне қаңғыбас иттерге қатысты 50 шақты шағым түседі. Былтыр иесіз кезіп жүрген 3 мыңдай итті ұстаған. Ал биылғы үш айда 1 мыңға жуығын аулапты. Дегенмен оларды ұстап қамаумен мәселе шешілмейді дейді. Сондықтан стерилизациялауды ұсынып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

"Биыл 4 мың ит, мысыққа кастрация жасаймыз деп жоспарлап отырмыз. Алдыңғы жылдары мұндай әдісті қолданбайтынбыз. Үй жануарының көбеюін тежеудің жалғыз тиімді жолы осы. Экономикалық тұрғыдан да пайдалы. Олар көбеймесе, біздің шығындарымыз азаяды. Кастрация жасауға қажетті құрал-жабдық алынды. Мамандарымыз да жетерлік", – дейді "Астана ветсервис" КМК бөлім басшысы Алпыспай Жұмаев.

Қаңғыбас иттерді азайтудың тағы бір жолы – оларға уақытша пана табу. 

"Үй жануарын асырағысы келетіндерге жауапкершілік жүктеу керек. Мәселен Еуропа елдерінде ит не мысық асырайтын болсаң арнайы рұқсат қағаз аласың. Оның екпелерін салдырып, бағып қағуға міндеттісің. Көшеде қаңғыртып жібере алмайсың, Ал бізде ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Қаласаң асырайсың, қаламасаң қуып шығасың. Мұны заң жүзінде реттеу қажет. Иесіз қалған жануарларға қамқорлық көрсететін арнайы орталық ашу керек", – дейді ветеринарлық клиниканың бас дәрігері Татьяна Кропивницкая.

Осындай орталық астанада биыл пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Оның құрылысына бюджеттен 675 миллион теңге бөлінген. Нысан 500 қаңғып жүрген үй жануарына пана болады. Сарапшылардың айтуынша, орталықты жұмыс жағдайында ұстап отыру үшін айына 2 миллион теңге қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу