Өзбекстанда әр айдың үшінші жұмасы "Көліксіз күн" деп жарияланбақ

755

Өзбекстандағы заң шығару палатасының депутаттары да көліктерін қойып, көпшілікпен бірге бір күн қоғамдық көлікпен қатынауға дайын. 

Өзбекстанда әр айдың үшінші жұмасы "Көліксіз күн" деп жарияланбақ

Өзбекстандықтар айына бір күн жаяу жүрулері мүмкін. Яғни, әр айдың үшінші жұмасы "Көліксіз күн" деп жарияланбақ, деп хабарлайды 24.kz.

Ішкі істер министірлігінің бұл бастамасын үкімет қолдап отыр. Тәжірибе ретінде қыркүйектің соңында арнайы акция ұйымдастырылады. Өзбекстандағы заң шығару палатасының депутаттары да көліктерін қойып, көпшілікпен бірге бір күн қоғамдық көлікпен қатынауға дайын. Бастама жұрттан қолдау тапса, бұл күнге арнайы мәртебе де беріледі.

Жалпы Өзбекстанда сәрсенбі "Өртке қарсы күрес" күні деп белгіленген. Ал бейсенбіде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу