Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясы премьердің орынбасары Абдулла Ариповты премьер-министрлік лауазымына ұсынды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Бұл туралы партия сайтындағы хабарламада айтылған. "Отырыс қатысушылары талқылаудан кейін Өзбекстан Республикасының президентіне премьердің орынбасары Абдулла Ариповтың кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсыну туралы шешім қабылдады", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу