Осылайша, Қазақстан оның шінде шағын кәсіпкерліктен бастап миллиардтарды айналдырып отырған ірі компаниялар да бар.
Бұл агрокешен Өзбекстандағы Қазақстандық капиталмен ашылған ең ірі кәсіпорындардың бірі. Жобаны жүзеге асыруға құйылған бастапқы инвестиция 1,6 млн доллар. Қазір ұн мен түйіршіктелген құрама жем өндіретін зауыт Өзбекстаннан бөлек Ауғанстан мен Тәжікстан нарығына шыға бастаған. Кешеннің жетекшісі ауыл шаруашылығы саласындағы қазақ-өзбек кооперациясының перспективасы мол,- дейді.
"Өзбекстанда жүргізіліп жатқан инвестициялық саясат бизнес үшін қолайлы. Бұл елдің кәсіпкерлерге тартымды тағы бір тұсы нарықтың бізден 2 есе үлкендігі. Мемлекет тарапынан агро-өнеркәсіп ашып тіркерде жеңілдіктер мен қолдау бар. Мәселен біз ауыл шаруашылығы шикізатының импортеры ретінде арнайы сауда биржасында жұмыс істейміз. Бұл сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімдердің ашықтығына кепіл. Әрі тасымалдау кезінде жеңілдіктер бар", дейді Агрокешен жобасының жетекшісі Дәрмен Таңқыбай.
Өзбекстанда ірі бизнестен бөлек, шағын кәсібін дөңгелетіп отырған отандастарымыз да жетерлік. Соның бірі кондитерлік өнімдерді даярлап сататын мына дүкен. Бұл кәсіп Олжас Досанбайдың бизнестегі алғашқы қадамы. Соған қарамастан, шетелде кәсіп ашуға қорықпапты. Өйткені ашық нарық енді қалыптасып жатқан Өзбектанда мүмкіндіктер мол,- дейді.
"Өзбекстанда қазіргі таңда енді ашылатын енді дамитын өте көп салалар бар. Сұраныс өте көп бірақ сұранысқа жауап беретіндей ұсыныс жоқ. Мысалы үшін каммерциялық балабақшалар, жекеменшік мектептер саласында. Қаржы төлей алатын азаматтар өте көп. Сервис салаларында одан кейін дестрибуция салаларында өте көп жасауға болатын жұмыстар бар. Енді-енді дамып келе жатқан бағыттар бар. Қазір кірсе болашақта бір 5 жылдың ішінде ең негізгі нарықтағы ойыншалардың бірі болып қалыптасып кетуге шанс көбірек", дейді Кәсіпкер Олжас Досанбай.
Кәсіпкер Өзбекстан азаматтарының жұмыс мәдениеті мүлдем бөлек екенін айтты. Сондықтан оған үйренуге біраз уақыт кетеді екен. Көршіміздегі бизнес жүргізудің тағы бір ерекшелігі жарнама. Мұнда замануи маркетинг құралдарынан гөрі ауыздан-ауызға тарайтын ескі әдіс табыстырақ көрінеді.
Соңғы 1 айда Өзбекстанда шетелдік капиталмен 207 компания ашылған. Бұл аймақ елдері арасындағы рекорд. Оның 15-і Қазақстандық кәсіпорын. Айта кететіні, 2017-жылдан бері Өзбекстандағы Қазақстан бизнесінің үлесі 5 есе артқан. Қазір көршімізде 15 жарым мыңдай шетелдік бизнес ісін дөңгелетіп отыр. Оның 3 мыңнан астамы Ресейге тиесілі. Одан кейін Түркия мен Қытайдың компаниялары жайғасқан. Үздік төрттікті 1200-ден астам кәсіпорынмен Қазақстан түйіндейді.