Өзбекстаннан қол жүгі ретінде 450 келі лимон өткізбек болғандар жазаланды

824

Заңсыз әкелінген жеміс-жидектер тәркіленіп, кері қайтарылды. 

Өзбекстаннан қол жүгі ретінде 450 келі лимон өткізбек болғандар жазаланды

2019 жылдың желтоқсан айында елімізге Өзбекстаннан қол жүгі ретінде заңсыз жолмен 600 келі анар, 450 келі лимон, 430 келі  құрма, 57 келі басқа да жеміс-жидек өткізілмек болған. Оларды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары дереу тәркілеп, кері қайтарды. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған фактілер бойынша толық тексеру жүргізіліп,  өсімдіктер карантині саласындағы ұлттық заңнамалардың талаптарына сәйкес келмейтін жүктер кері қайтарылып, айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар өткен жылдың желтоқсан айында Түркістан, Ақмола, Атырау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының  мемлекеттік инспекторлары Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан және РФ-дан жеміс-жидекті заңсыз кіргізу бойынша 20 жағдайды тіркеп, айыппұл салды. 

Бұдан бөлек мамандар сертификаттары болмаған және таңбаланбаған 17 тоннадан астам жүзім, 16,2 тонна қызылша, 1,3 тонна алма және 24 келі гүл тұқымын заңсыз жолмен кіргізбек болғандардың жолын кескен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу