Павлодар облысында 29 жасында алты перзент сүйген анаға "Күміс алқа" табысталды

842

Павлодар облысында 29 жасында алты перзент сүйген анаға "Күміс алқа" табысталды

Ертіс ауданының Ертіс ауылында 29 жасында өмірге алты перзент әкелген Надежда Поляковаға "Күміс алқа" табысталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ертіс ауданы әкімінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Надежда Полякова ауылдағы ең жас көп балалы ана. Еліміздің демографиясының өсуіне өз үлесін қосып жатқан алтын құрсақты анаға Елбасының Жарлығымен тағайындалған "Күміс алқаны" аудан әкімінің орынбасары Жаңбырбай Сағынаев табыс еткен.

"Еліміздің өркендеп, дамуына өз үлесін қосатын ұрпақ өсіп жетілсін. Үлгі болар ұл-қыздарыңыз аман болып, тәуелсіз елімізді тамаша табыстармен қуантсын", - деп Жаңбырбай Сағынаев өз тілегін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу