Биылғы жылдан бастап Павлодарда "Жасыл ел" жасағы жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Наталья Нефедованың айтуынша, өткен жылы студенттердің жалақысына қосымша үстемақы төлеу бойынша үлкен қиындықтар туындаған. Бұған дейін еңбекақы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы берілген. Ал, 2017 жылы "Жасыл ел" бағдарламасының жұмысын жүзеге асыру бойынша республикалық трансфертті ұтып алуға қол жеткізілген.
"Бұған дейін үстемақы арнайы штаб арқылы республикалық бюджеттен бөлініп отырды. Соңғы екі жылда штаб "Арнай киімді тігу" бағытын жүзеге асыра алмады, салдарынан өзіміз қолдан келгенше әрекет жасадық. Аталмыш мәселе министрлік алдында көтерілгеннен кейін трансферт облысқа аударылды. Басқарма ретінде студенттердің үстемақысы мен формасын өзіміз береміз. Енді қиындықтардың орын алмайтынына нық сенімдіміз", – деді Наталья Нефедова.