Павлодардағы "Мәдени мұра" дүкенінің тауарларын Германия, АҚШ, Франция, Түркия азаматтары тапсырыспен алдырады

1218

Павлодардағы "Мәдени мұра" дүкенінің тауарларын Германия, АҚШ, Франция, Түркия азаматтары тапсырыспен алдырады

Павлодардағы "Мәдени мұра" ұлттық дүкенінің тауарларын шет ел азаматтары интернет арқылы онлайн тапсырыспен жиі алдырады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы интернет-дүкен иесі Әсет Сейтахмет мәлім етті.

"Өткен жылы Франция елінен келген мұғалім ұлттық нақыштағы белбеу мен ер адамдарға және әйел адамдарға арналған әмиян алды, ақшасын теңгемен төледі. Жуырда АҚШ студенттеріне кестеленген сөмке мен әммияндар, ал Түркия еліндегі қандастарға Қазақстанның елтаңбасы белгіленген үш сағат салып жібердім. Бұрын Павлодарда тұрып, кейін Германияға көшіп кеткен азаматтар да жиі тапсырыс береді. Сондай-ақ ресейліктер де байланысқа шығып тұрады. Мәскеу, Омбы, Новосібір қалаларында тұрақты клиенттеріміз бар", – деді Әсет Сейтахмет.

Әсеттің айтуынша, барлық тауарларды Моңғолиядағы қандастар дайындайды. Бұдан былай ұлттық нақыштағы белбеу, сөмке, әмиян мен сағаттарды жас кәсіпкер өзі өндіретін болады. Сондай-ақ, үш-төрт адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

"Қажетті құрал-жабдықтарды сатып алдым, қазір ыңғайлы ғимарат іздестірудемін. Енді барлық тауарларды өзім жасайтын боламын", - деді интернет-дүкеннің иесі.

Айта кетерлігі, бұл жерден iPhone ұялы телефондары үшін ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген чехолдар да сатып алуға болады.
Ол өзінің дүкені туралы ақпаратты барлық барлық әлеуметтік желіде орналастырған.

"Мәдени мұра" ұлттық нақыштағы интернет-дүкенінің Павлодарда ашылғанына небәрі екі жыл болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу