Б.Ахметов атындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық колледжінің студенті Виктория Петрова "Қазақ аруы-2017" ұлттық сұлулық байқауына қатысады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, Виктория қазақ тілін жетік меңгерген, қазақ халқының салт-дәстүрлерін жақсы біледі. Ол "Чехов аялдамасы" командасы құрамында жайдарман ойынында бірнеше рет жеңіске жеткен. Қазір Алматы қаласында алдағы байқауға дайындалуда. Жоба қатысушылары үшін басты шарт – қазақ тілін жетік білу және қазақ халқының салт-дәртүрімен, тарихымен, әдет-ғұрпымен таныс болу.
Айта кетерлігі, қатысушылардың бойы – 170 сантиметр, ал салмағы 53 келіден төмен, жасы – 16-22 жас аралғында болуы шарт.
"Қазақ аруы" байқауы биыл жетінші рет ұйымдастырылмақ. Былтырғы жылы байқауда Атырау тумасы Альмира Ахатова жеңіске жеткен болатын.