Петропавлдағы мектепте оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірім қамауға алынды

598

Ол екі айға қамауға алынды.

Петропавлдағы мектепте оқушыларға шабуыл жасаған жасөспірім қамауға алынды Фото: Экспресс К

Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты оқушыларға шабуыл жасаған 9-сынып оқушысына қатысты бұлтартпау шарасын қолданды, деп жазады inbusiness.kz.

"15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Еске салайық, осыған дейін Петропавлда мектепке қару алып келген оқушы балаларды жарақаттағанын жазған болатынбыз. Екі оқушы жансақтау бөліміне түсті. 

ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша Петропавлдағы мектепте  болған оқиғаға қатысты комиссия құрылды. Министрлік елдің барлық мектептерінде қауіпсіздікті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған болатын.

Үкімет отырысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Петропавл мектебіндегі оқиға туралы баяндап, күдіктінің психикалық ауытқушылығы болғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу