Пішембаев болат құю зауытын салуды ұсынды

1548

Қазақстан машина жасаушылар одағының (ҚМЖО) басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев елімізде болат құю зауытын салуды ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі одақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Пішембаев болат құю зауытын салуды ұсынды

Оның айтуынша, коронавирус пандемиясы салдарынан туындаған қиындықтарға қарамастан отандық машина жасау саласы дайын өнім өндірісі мен экспорты көлемінің тұрақты өсу динамикасын көрсетіп отыр.

Сарапшылардың болжамынша 2021 жылдың соңына дейін металл өнімдерінің бағасы өсуі мүмкін. Осыған байланысты ҚМЖО басқарма төрағасы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорынан сатып алу бағаларын арттыруды сұрады.

"Егер бұрынғы бағалар күшінде қалса, бұл машина жасау кәсіпорындарының төлем қабілеті мен қаржылық тұрақтылығына қатты соққы болады", - деді Мейрам Пішембаев Samruk Business Forum 2021 іс-шарасында.

Сонымен қатар, ол алдағы уақытта Қазақстанда болат құю зауытын салуды ұсынды.

"Біз жыл сайын болат пен шойын құймасының қоспалы сорттарынан 700 мың тоннаға дейін дайындаманы импорттаймыз. Ақша шетелге кетіп жатыр", - деді ҚМЖО басқарма төрағасы.

Пішембаевтің пікірінше, болат құю зауытының салынуы бірден бірнеше мәселені шешуге мүмкіндік береді: дайын материалдардың бағасы төмендейді, қазақстандық қамтуды әрі отандық кәсіпорындардың ішкі және экспорт нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

"Алдағы 3-4 жыл барлық өнеркәсіпті дамыту үшін маңызды жыл болады. Оның ішінде отандық машина жасау саласы да бар", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу