Полицейлер ойын-сауық орындарына рейд жүргізді

477

Тәртіп бұзушыларға ірі көлемде айыппұл салынады.

Полицейлер ойын-сауық орындарына рейд жүргізді

Нұр-Сұлтанда полицейлер ойын-сауық орындарына кезекті рейд жүргізді. 25-29 тамыз аралығында қалада "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылық пен қылмыстың, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, сондай – ақ карантин шараларының сақталуын қамтамасыз ету", - деді Есіл аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Мадияр Айтуғанов.

Полицейлер мен БАҚ өкілдері 23:00-ден кейін тексеруге шыққан. Айта кету керек, қазіргі уақытта ойын-сауық мекемелер жұмысына осындай кеш уақытта тыйым салынған.

Рейд барысында полиция қызметкерлері шектеу шараларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу