Полицияға пара бергендер 5 жылға дейін сотталады - ІІМ

556

Қазір патрульдік полицияның қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, олардың қызметтік автокөлігі мен үй-жайлары ақпаратты автоматты режимде беретін заманауи фиксаторларымен жабдықталған.  

Полицияға пара бергендер 5 жылға дейін сотталады - ІІМ Фото: egemen.kz

Сонымен қатар, ішкі істер органдары қызметкерлерін парасаттылыққа тексерудің пилоттық жобасы іске асырылып жатыр, деп жазады inbusiness.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаңтарда Астана, Алматы қалаларының, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Жетісу облыстарының Полиция департаменттерінде тексерулер жүргізілді. Тек Астана бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін тіркеу 24 мыңға жуықтады. Тексеріс кезінде тәртіп сақшыларының азаматтармен қарым-қатынас деңгейі, өтініштерге жедел әрекет ету қабілеті бағаланды.

Сондай-ақ, қызметкердің киімі, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, қызметтік планшеттерді, жетондарды, автокөліктерді мақсатты пайдалануы тексерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу