Мемлекет басшысы Каспий құбыр концорциумы қатысушыларының акционерлер келісімшартына қол қойылуының 25-жылдығына арналған мәжілісте жобаның қалай іске қосылғанын есіне алды, деп хабарлайды inbusiness.kz
Президент мұнай-газ секторы Қазақстан экономикасын өркендетуге жол ашқан басты саланың бірі екенін атап өтті.
"Оны дамыту үшін шетелге ауқымды инвестиция тартылып, озық технология енгізілді. Еліміз әлемдегі ең ірі – мұнай экспорттаушы мемлекеттердің қатарында. Қазір жылына 90 млн тоннаға дейін мұнай өндіреміз. Өнімді сыртқа шығаратын Каспий құбыр желісінің салынуы мұнай-газ секторын дамытуға айрықша ықпал етеді", – деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жобасының іске асырылуы әлемдегі ең ірі "Теңіз", "Қарашығанақ", "Қашаған" кен орындарын игеруге мүмкіндік бергенін жеткізді.
"Бүгінде олардың үлесіне елде өндірілген мұнайдың 60%-ы тиеді. Каспий құбыр концорциумы әлемдегі ең ірі мұнай транспорттық жобасы болып саналады. Оны іске асыруға Қазақстан, Ресей және әлемдегі ірі Chevron, Eni, Лукойл, Shell және тағы басқа компаниялар бар. Біз ұзақ жылдарға созылған келіссөздер есімізде. Ол Қазақстан мен Ресей билігінен көп күш-жігерді талап етті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған серіктестіктің 10 қағида концорциумы сәтті жұмыс істеуіне мүмкіндік берді", – деді Президент.
Осы орайда ол Каспий құбыр концорциумы қалай іске қосылғанын есіне түсірді.
"Мен үшін бұл жоба өте маңызды болды. Себебі мен жобаға құбыр салына бастаған кезде және оның іске қосылғанына дейін қатыстым. Вагит Алекперов (бүгінде "Лукойл" ЖАҚ презиенденті – автор) те жобаға қатысты. Жақында ол маған сурет берді. Онда біздің түріміз басқаша еді. Тіпті бүгінгіден де нашар шығар. Бірақ аталған жобаның қалай іске қосылғаны әлі есімізде", –деп қалжыңдады Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дәурен Ерболат