Қазіргі таңда Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы "Ql-Trade Kazahstan" ЖШС басшылығы жасаған ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Оған 2020 жылдың 14 желтоқсанында Медеу аудандық Полиция басқармасына аталған ЖШС-нің 99 салымшысы жүгінгені себеп болған.
"Қазіргі уақытта алаяқтық құрбандарының саны айтарлықтай артты, эпизодтар елдің басқа қалаларында да анықталды. Күдікті азамат халықаралық іздеуде. Аталған ЖШС салымшылары болып табылатын азаматтарды Алматы қаласы Масанчи көшесі 55 мекенжайына келуге немесе 254-43-80, 254-49-82, + 7-777-250-68-37, + 7-707-555-50-87 немесе "102"телефондары арқылы хабарласуға шақырамыз", – деп түйіндеді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.