Ресей соты Мұхтар Әіләзовты сырттай 15 жылға соттады

710

Мәскеу қаласы Таган ауданының  судьясы "БТА Банктің" бұрынғы директорлар кеңесіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. 

Ресей соты Мұхтар Әіләзовты сырттай 15 жылға соттады

Бұл туралы Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Әбіләзов бастаған бір топ банк қызметкерлері алаяқтық, қылмыс жасау арқылы иеленген мүлікті жекешелендіру және ұйымдасқан топпен алдау арқылы аса ірі көлемде залал келтіру баптары бойынша істі болды. Сот "БТА Банктің" 173 млрд рубль мүліктік шығынын өндіріп алу жөніндегі азаматтық арызын да толықтай қанағаттандырды.

Тергеу деректері бойынша айыпталушылар 2006-2009 жылдар аралығында қаржылық компаниядан 58 млрд рубль ұрлаған. Сот барысында Әбіләзовтың активтері ретінде бағаланған жер телімдері, офшор компаниялардың акциялары мен банктік есепшоттары бұғатталды. Арестке алынған сотталушылардың мүліктері 24 млрд рубльге бағаланды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу