Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылайтын жобаны сәуірдің ортасында қарайтын болды. Бұл туралы "Интерфакс Қазақстан" жазды. Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, жағдайға байланысты әрекет ету шараларын түгел қамту үшін сәуір айында бюджетті нақтылау жобасы дайындалады.
"Сыртқы фактормен байланысты қалыптасқан экономикалық жағдайда мемлекеттік бюджеттің теңгерімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау қажет. Бірінші кезекте, республикалық бюджеттің шығындары қысқарады", - деді ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу