"Атырау облысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен болды",– деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап inbusiness.kz .
Атырау облысының ағымдағы мәселелері талқыланған жиында аймақ басшысы баяндама жасады. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік саладан бастап инфрақұрылым, экология, электр энергиясы, сумен қамту сынды өңірдегі ең өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталды. Олардың нақты себептерін атап өткен аймақ басшысы проблемаларды шешуге қатысты жасалып жатқан жұмыстарды да баяндап өтті. Сондай-ақ ол кейбір өзекті мәселелерді шешу үшін Үкіметтің қолдауы қажеттігін айтты.
Жиынды қорытындылаған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Атырау облысының одан ары дамуы мен салалардағы проблемаларды шешу үшін Үкімет тиісті қолдау жасауды қарастыратынын жеткізді. Сондай-ақ әр министрлік өкіліне жергілікті органдармен бірлесе отырып аталған мәселелерді шешуге қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды.