Сарапшы: Eлімізді қоқыс көліктермен толтырып қойдық

482

Былтырғы қыркүйектен бері Қазақстанға шетелден 80 мыңдай көлік кірген. 

Сарапшы: Eлімізді қоқыс көліктермен толтырып қойдық

Елімізді Грузия мен Арменияның қоқыс көлігімен толтырып қойдық, ал ақша сыртқа кетіп жатыр. Осылай деп дабыл қаққан сарапшы билікке автокөлік саласындағы саясатты түбегейлі өзгертуге кеңес берді. Сөзінше, елімізде 4 млнға жуық жеңіл көлік болса, 2,5 млны 20 жыл бұрын немесе одан да ерте шығарылған. Ал жаңа көліктердің саны жарты миллионнан сәл асады. Былтырғы қыркүйектен бері Қазақстанға шетелден 80 мыңдай көлік кірген. Олардың 80 пайызы  "конструкторлар", яғни қосалқы бөлшек ретінде шекара асқан. Мәселені шешу үшін алымдар мен салықтардың ставкасын төмендету керек,- деп санайды Әділбек Орымбаев.

"Салықтарды өзгерту керек, 2-3 есеге төмендету керек. Сонда ғана қазақстандықтар сырттан сапалы әрі жаңа көліктерді тасиды.  Әрине бқл ішкі саясатты қиындатуы мүмкін, бірақ қазір біз халыққа көмектесуіміз керек", - дейді "КазАвто Пром" ЗТБ мемлекеттік реттеу жөніндегі директоры Әділбек Орымбаев.

Қазақстандықтар Грузия мен Армения көліктеріне құмартқан, өйткені өз елімізде темір тұлпар әлдейқайда қымбат,- дейді мамандар. Мәселен, желідегі хабарландырулардың бірінде Грузияда тіркелген 2017 жылғы Хёнда Элантра 9 мың долларға сатылып жатыр. Қазіргі курспен бұл 4 млн теңге. Кедендік тазарту, бастапқы тіркеу мен утилизациялық алым сияқты шығындарға тағы 3 млн 300 мыңдай қаражат керек. Нәтижесінде, шетелдік темір тұлпардың жалпы құны 7 млн 300 мыңға тең. Ал Қазақстанда тіркелген дәл осындай машиналардың бағасы отандық сайттардың бірінде 8 млн-нан басталады. Сол себепті отандастарымыз шетелдің арзан көліктеріне құмар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу