Сауд Арабиясы "ЭКСПО"-ға карбоннан жасалған өнімдерін алып келеді

640

Сауд Арабиясы "ЭКСПО"-ға карбоннан жасалған өнімдерін алып келеді

"Астана ЭКСПО-2017" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид әл Фалихпен кездесті, деп хабарлайды baq.kz.

Кездесу барысында ұлттық компания басшысы министрді "ЭКСПО-2017" көрмесінің дайындығы және құрылыс барысымен таныстырды.

"Барлық жұмыс аяқталуға жақын. Қазір қатысушы мемлекеттер павильондарын толтырумен қарқынды айналысып жатыр. Сіздің елдің павильоны келушілер саны және контенттік мазмұны жағынан тартымды болатынына сенімдімін", – дейді Ахметжан Есімов.

Халид әл Фалихтің айтуынша, Сауд Арабиясының "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуы екі елдің экономикалық қарым-қатынасының күшеюіне септігін тигізбек.

"Біздің ел карбоннан жоғары технологиялық өнімдер шығарады. Көрмеге осы саладағы жаңа жобаларды алып келеміз", – дейді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу