Саудияға мұсылмандық парызын өтегісі келгендердің алғашқы легі жетті

839

Саудия үкіметі бөлген квота бойынша биылғы жылы 3,2 мың отандасымыз корольдік территориясындағы қасиетті жерлерге зиярат жасайды. 

Саудияға мұсылмандық парызын өтегісі келгендердің алғашқы легі жетті

Қазақстанның Жидда қаласындағы (Сауд Арабиясы Корольдігі) консулдығының қызметкерлері Жидда халықаралық әуежайында "Шымкент-Жидда" және "Ақтау-Жидда" бағытымен ұшып жеткен 198 адамнан тұратын қазақстандық қажылардың алғашқы тобын күтіп алды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Жалпы алғанда, Саудия үкіметі бөлген квота бойынша биылғы жылы 3,2 мың отандасымыз корольдік территориясындағы қасиетті жерлерге зиярат жасайды. Үлкен қажылық мерзімі 9-13 тамыз аралығына сәйкес келеді. 

Биылғы жылы, әдеттегідей, қазақстандық қажыларды Корольдіктегі Жидда мен Медина қалаларына Нұр-Сұлтаннан, Алматыдан, Шымкенттен және Ақтаудан отандық және саудтық "SCAT" және "FlyNas" әуекомпаниялары, сәйкесінше, бірлесіп тасымалдайды. 

Азаматтарымыздың Саудияда болу мерзімі 30 шілде мен 17 тамыз аралығына белгіленген.

Жалпы, Жидда мен Медина қалаларында қажыларды күтіп алу мен шығарып салу Консулдық тарапынан дипломаттардың кезекшілік кестесі негізінде қатаң түрде жүзеге асырылады. Корольдіктің жоғарғы оқу орындарында білім алудағы қазақстандық студенттер де бұл жұмысқа жиі жұмылдырылып отырады.

Консулдық тарапынан қажылар арасында тұрғылықты елдің заңдылықтарын сақтау, түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, менингит) алдын алу үшін санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуына мән беру, жергілікті салт-дәстүрлерге құрметпен қарау және т.б. мәселелер бойынша тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Мекка мен Медина қалаларының орталық штабтарында қазақстандық "Қажылық-миссиясы" ұйымдастырған стационарлық бөлімшелер тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу