Экономикалық өсудің негізгі драйверлері – өңдеу өнеркәсібі 4,8%-ға, машина жасау 8%-ға жуық, оның ішінде автомобиль жасау 18%-дан астам, локомотивтер мен вагондарды қосқанда, басқа да көлік құралдарының өндірісі 11,5%-ға өсті.
Өңдеуші секторда химия өнеркәсібі 12%-ға, жеңіл өнеркәсіп 7,5%-ға, металлургия – 5%-дан астам және мұнай өңдеу 4%-ға өсті. Үкімет басшысы мұны "жоғары динамика" деп бағалайтынын айтады.
Тау-кен өнеркәсібінде көмір өндіру 2,2%-ға, табиғи газ өндіру 3%-ға және кен өндіру 5%-дан астам ұлғайып, тұрақты өсім тіркеліп отыр.
Құрылыс секторында 7,5%-ға жоғары өсу қарқыны қамтамасыз етілді және 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Ауыл шаруашылығында 4,3% тұрақты өсім қалыптасты.
Қызмет көрсету саласында сауда 5,2%-ға, көлік 5,5%-ға және байланыс 6,6%-ға өсті.
Сегіз айдың қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштер Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында өсіп отыр.
Дегенмен инфляция қарқыны барған сайын өсіп барады. Ұлттық банк өкілі Тамыз айының қорытындысы бойынша, елімізде жылдық инфляция 16%-дан асып кеткенін айтты. "Қазақстандағы инфляцияның айлық динамикасы орташа жылдық мәннен асып, әлі де жоғары болып отыр" деді ол.
Ал азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы 20,8%-ға жеткен.
Жасын Қалибек