Семсерлесуден Азия чемпионатында спортшыларымыз екі "алтын" алды

797

Семсерлесуден Азия чемпионатында спортшыларымыз екі "алтын" алды

Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы екі алтынмен толықты деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алдымен семсерлесуден Қазақстан әйелдер командасы финалда Оңтүстік Корея спортшыларын 45:32 есебімен жеңіп, чемпион атанды. 

Қазақстан намысын Айбике Хабибуллина, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Карина Доспай қорғаған болатын.

Хабибуллина семсерлесуден жекелей сында чемпион атанып, Әйгерім Сарыбайдың күміс жүлдегер атанғанын да естеріңізге саламыз. 

Сондай-ақ, ерлер командасы да қалыс қалған жоқ. Шпагадан командалық сында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Павлов және Ержан Самбеталиев Оңтүстік Корея құрамасын 34:33 есебімен тізе бүктірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу