Астанадағы М.Горький атындағы академиялық орыс драма театрында халық мемлекет қайраткері Сергей Дьяченкомен қоштасуда, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, елорда жұртшылығы келдi. Сонымен қатар, қоштасу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин, Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Астана әкімі Әсет Исекешев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов және басқалары қатысып жатыр.
Мәжіліс төрағасы Н. Нығматулин мемлекет қайраткері Сергей Дьяченконың сүйегі Ұлттық пантеон аумағына қойылатынын хабарлады. Айта кетейік, ол 26 қазанда ұзаққа созылған ауыр сырқаттан өмірден озды.