Сертификаттау жөніндегі отандық компаниялар банкротқа ұшырауы мүмкін

670

Қырғызстан мен Ресейдің "жалған" сертификаттары отандық кәсіпкерлердің бәсекелестікке қабілетін төмендетеді.  

Сертификаттау жөніндегі отандық компаниялар банкротқа ұшырауы мүмкін

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері  өнімнің сәйкестігін растау саласындағы бәсекелестік және кәсіпкерлік қызметті шектеу мәселелерін қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz кәсіпкерлер палатасының сайтына сілтеме жасап.

Кеңес Сауда және интеграция министрлігіне Ресей мен Қырғызстанның заңды және жеке тұлғалары елдегі техрегламенттерді бұзуы туралы мәселені Еуразиялық экономикалық одақ комитетінің деңгейіне шығаруды және жол берілген бұзушылықтардың салдарын жоюға қол жеткізуді ұсынды.

Қырғыз және Ресей сертификаттау органдарының сәйкестікті растау жұмысы сертификат саудасына айналады. Бұл контрафактілік және қауіпсіз емес өнімдерді заңдастыруға және Қазақстан аумағында кедергісіз айналымға шығуға әкеледі, деп мәлімдейді Кеңес мүшелері.

Қырғызстан компанияларының қызметін қазақстандық кәсіпорындар да белсенді пайдалынып жүр. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды кедендік рәсімдер үшін ғана емес, сонымен қатар өнімді сынақтан өткізбей және өндірісті зерттеусіз нарыққа шығаруға рұқсат беретін сертфикатты 1-3 күн ішінде небәрі 30-50 мың теңгеге сатып алуға болады. Дегенмен сәйкестікті толық растау біршама жоғары тұр.

Қазақстандық зертханалар орын алған баға демпингі мен қатаң жағдайларға байланысты үш жыл ішінде отандық аккредиттеу органдарының сәйкестікті бағалау көлемінің төмендеуі екі есеге қысқарды.

"Отандық техникалық реттеу жүйесі тоқырап тұр, ал тұтыну нарығымыз сапасыз өнімдерді сатуға ашық. Жағдайды түзету уәкілетті органдардың жедел шешімін қабылдауын талап етеді. Саладағы жағдай қолға алынбаса салдары қиын болуы мүмкін. Бұл техникалық реттеу жүйесін бұзады және Қазақстандық аккредиттеу субъектілерінің банкроттығына әкеледі", – деп атап өтті Қайырбек Сүлейменов.

Қазақстанда сәйкестікті растау жөніндегі органдар қаржылық жүктемеге қарамастан, өздерінің еңбек, қаржы және материалдық ресурстарын жұмсай отырып, зертханаларды дамытады және жұмысын жүргізеді. Бұдан басқа, білікті кадр әлеуетін дамытуды қамтамасыз етеді. Салада 1 500 сарапшы, өнімдер мен қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі 68 орган, 955 сынақ зертханасы мен орталықтары жұмыс істейді.

Қырғызстанның ұлттық тізілімінің ақпараты бойынша, 2022 жылғы жеті айда (қаңтар-шілде) ЕАЭО шеңберінде 56 088 құжат берілді. Соның ішінде 28 765 құжат қазақстандық кәсіпкерлердің өтінімдері бойынша берілген. Қазақстан осы кезеңде 48 602 құжат берді. 2022 жылдың жеті айында қазақстандық кәсіпкерлердің Қырғызстанда сертификат алуы 37,18%-ды құрады. Өтініш берушілердің "көші-қоны" нәтижесінде аккредиттеу субъектілерінің құқықтық жауапкершілігі жойылады. Қазақстандық нарыққа сәйкестігі аккредиттеудің отандық субъектілерімен расталған өнімдердің түсімі тоқтатылады, деп атап өтілді кеңес алаңында.

Растау рәсімдерін бұзғаны үшін аккредиттеудің шетелдік субъектілерін аумақтық қағидат бойынша заңды қолданудың шектелуіне байланысты жауапкершілікке тарту мүмкін емес.

Шын мәнінде, сертификаттау жөніндегі отандық компаниялар өз елінде шетелдік компанияларға қарағанда анағұрлым қатаң жағдайларға тап болды. Кәсіпкерлерді тексереді, әкімшілік айыппұлдармен жазалайды, аккредиттеу аттестаттарын беруді тоқтады.

2022 жылдың бірінші жартысында мемлекеттік бақылау 731 тексеру жүргізді. Соның ішінде 507 жағдайда бұзушылықтар анықталды, 64 ұйғарым берілді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша 81 қаулы шығарылды, әкімшілік айыппұл сомасы 65 млн теңгеден асты. 2021 жылы Астана мен Бішкек заңды бұзып берілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды тіркеудің және таратудың жолын кесу мәселесін шешуге келісті. 2022 жылдың ақпанында елдер заңсыз (сынақ өткізбей) берілген сертификаттар мен декларациялар туралы ақпарат алмасуды бастады.

"Сәйкестікті бағалау жөніндегі Қазақстан органдары қауымдастығының өтініші бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті "Technodom Operator" АҚ кәсіпорны әкелген электр тұрмыстық техникасына сәйкестік туралы 12 декларацияны (аккредитациясы жоқ Ресей зертханаларының сынақ хаттамалары негізінде) алып тастады. Сондай-ақ, техникалық регламент талаптарына толық көлемде сыналмаған қытай ойыншықтарына сәйкестік сертификаттары жойылды. Жағдай оңалған жоқ, керісінше, шиеленісе түседі: делдал компаниялар Қырғызстанда өнімді сертификаттауға өтінімдерді қабылдайды және мұндай жұмыс жолға қойылған. Мүдделі тұлғалардың бірнеше өтініші, олардың негізінде 2022 жылғы ақпанда екі елдің уәкілетті органдары арасында қол қойылған іс-шаралар жоспары шеңберінде, шын мәнінде, мәселені шешпейді. ТРМК бұзушылықтармен берілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды анықтау бойынша іс-шаралар өткізбейді", – деді Қазақстан метрология қауымдастығының президенті.

Демпингтік бағаларды белгілеу шет мемлекеттердің аккредиттеу субъектілерінің импорт қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізбеуіне байланысты мүмкін болды. Бүгін "Атамекен" алаңында айтылған ақпарат бойынша, "Техно Серт" компаниясының (Қырғызстан резиденті) өзі сынақ жүргізуге арналған зертханасы болмаса да осы жылы қазақстандық кәсіпкерлерге Қазақстан аумағында электр жабдықтары, аудио және бейнетехниканың әртүрлі түрлерін өткізуге арналған өнімнің сәйкестігі туралы 60-тан астам құжат берген.

Отандық аккредиттеу субъектілері неғұрлым қатаң реттеуші ортада бола отырып, Ресей мен Қырғызстанның аккредиттеу субъектілерімен салыстырғанда тең емес жағдайға тап болды. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес уәкілетті орган жүргізетін техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің заңнамасын қалыптастыру ескерілмей, сондай-ақ техникалық реттеудің жаңа құралдарын енгізу кезінде ықтимал тәуекелдер мен сын-тегеуріндерді егжей-тегжейлі болжамсыз жүргізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, сертификаттау мен сәйкестікті бағалауды цифрландыру жөніндегі жұмыс оны ЕАЭО шешімдері мен құқықтық актілерінде қолдануды құқықтық регламенттегенге дейін біржақты тәртіппен енгізілді. Ал "Е-сертификаттау" ақпараттық жүйесі әлі күнге дейін жетілдірілген жоқ.

Сарапшылардың пікірінше, цифрландыруды ЕАЭО құжаттарында және басқа мемлекеттердің заңнамасында құқықтық регламенттелгенге дейін мерзімінен бұрын енгізу тапсырыс берушілер – қазақстандық кәсіпкерлерді іс жүзінде "үркітіп жіберді". Өйткені олардың сертификаттарды басқа елдердің аумағында пайдалану мүмкіндігін шектеді. Бұл жайт олардың шет мемлекеттердің аккредиттеу органдарына сәйкестікті бағалау жөніндегі сертификаттарды алу үшін жүгіну себептерінің бірі деп атауға болады. Осының барлығы, нәтижесінде, қазақстандық органдардың сәйкестікті растау жөніндегі қызметін шектейді және отандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Жиын қорытындысы бойынша Кеңес сауда және интеграция министрлігіне ЕАЭО техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы консультативтік комитет жанындағы кіші комитеттің қарауына Ресей және Қырғыз заңды және жеке тұлғаларының техникалық регламенттерді бұзуы туралы материалдарды дайындап, ұсынуды және жол берілген бұзушылықтардың жолын кесу, салдарын жою жөнінде шаралар қабылдауды ұсынды.

 Сондай-ақ, техникалық реттеу және метрология саласындағы тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру кезінде ЕАЭО-ның басқа мемлекеттерінің заңнамасына мониторинг жүргізу және отандық кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін шектеуді болдырмау үшін техникалық реттеудің жаңа құралдарын енгізу кезінде ықтимал тәуекелдерді болжау бойынша ұсыныс айтылды. Қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасына және басқа да халықаралық практикаға сәйкес қойылатын талаптардан гөрі оларға қаржылай немесе өзге де жүктеменің ұлғаюына әкеп соғатын ережелерді алып тастау үшін отандық сәйкестік органдарына жағдай жасау қажет. Сауда министрлігіне мемлекеттік бақылау мен қадағалау қызметін жандандыруды, оларды бұзғаны үшін әкімшілік және өзге де жауапкершілік шараларын кеңінен қолдануды ұсынылы.

Қабылданған шаралар туралы ақпарат кеңеске 2022 жылғы 1 қарашадан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу