Шахтадағы апат: метаннан уланған кеншілер дәрігерлердің бақылауында

622

Зардап шеккен 4 шахта жұмысшысы тиісті ем қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Шахтадағы апат: метаннан уланған кеншілер дәрігерлердің бақылауында Фото: ekaraganda.kz

"Алдын-ала қойылған диагноз - метаннан улану. Зардап шеккендердің екеуі Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың токсикологиялық бөліміне жатқызылған. Уланудан бөлек, әртүрлі ауырлықтағы жарақат алған алған екі науқас Шахтинск қаласының ауруханасында жатыр. Ол жаққа консилиум өткізу үшін Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың санитарлық авиация мамандарының бригадасы аттандырылды (2 нейрохирург және 2 реаниматолог), - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнұр Әбдиева.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында газ тарап кетіп, 5 жұмысшы қаза тапты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтқан болатын. Болған жағдайға байланысты Үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз. Сонымен қатар өңір басшысы Жеңіс Қасымбек зардап шеккендердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу