Шахтинск қаласының тұрғындары әкімді және ЖЭО директорын қызметінен босатуды талап етеді

362

Тек ақпан айында ЖЭО-да ауа райы қолайсыздығы салдарынан жылу жүйесіндегі су 36- 40 градусқа дейін салқындаған кезде екі рет ақау орын алды. Көптеген жылдар бойы Шахтинск тұрғындары жылуға жарымай отыр? 

Шахтинск қаласының тұрғындары әкімді және ЖЭО директорын қызметінен босатуды талап етеді Фото: Шахтинск қаласының әкімдігі

Олеся Авдошкина өзін де отбасын да ойлап, қалай бой жылытарларын білмей дал. Немересі киім киіп, қос қабат көрпе астында жатса да, бойы жылымай жылайды. Бір ай бойы балалар жөтел және конъюктивитпен ауырып, ауруханада жатыр.

"Жылыну мүмкін емес. Біз таңертең тұрғанда үй суық болады. Міне, біздің тіпті терезелер қатып қалған. Елдер резеңке таспаларды ауыстыру керек деді. Оны да ауыстырдық. Резеңкелер ауыстырылды, құбырлар жуылды, біз жертөледе бәрін жасаймыз. Ешқандай мағынасы жоқ. Және мына келіп тұрған шотты қараңыз. Тіпті осы айда қалай төлейтінімізді білмеймін", - деді ашуға булыққан Шахтинск қаласының тұрғыны Олеся Авдошкина.

Қаңтарға дейін тұрғындардың айтуынша, жылыту қалыпты болған. Бірақ, бір жарым ай бойы адамдар қосымша жылытқыш қосып отыр. Жылытудан басқа электр энергиясы үшін екі есе төлейді. Сонымен қатар, тек осы жылыту маусымында жылыту тариф екі рет көтерілді. Олар ЖЭО-ға да, әкімдікке де жете алмайды. Халық билікпен кездесуді сұрады. Алайда, олар бас тартты. Сондықтан бастамашыл топ құрылды.

 "Аязға дейін біздің үйлеріміз суып кеткен. Өйткені, ЖЭО 5-ші және 15-ші ақпанда нөл болып қалды. Суық батареялар болды. Тіпті осы кестеге сәйкес келмейді. Біз ешқашан үйде 72 градус қызмет көрсеткенін көрмедік. Ешқашан! Қазір минус 32-де бізде 95 болуы керек", -  деді Шахтинск тұрғындарының бастамашыл тобының мүшесі Татьяна Лопатина.

Шахтинск ЖЭО Қазақстанда бірінші болып төтенше жағдай орын алған жылыту орталығы. 2005 жылы ол істен шығып, кеншілер қаласы толығымен зардап шеккен. 30 жылдан бері ол ыстық су шығармайды. Себебі, қуат жеткіліксіз. Бірақ, 1993 жылға дейін болған. Ал, қазір оның басшылығы ешқандай апат болған жоқ деп сендіреді.

"Бізде апаттар болған жоқ. Станция штаттық режимде жұмыс істейді. 3 қазандық агрегаттың 2-і жұмыс істейді, біреуі резервте. Біз барлық шағымдарға жауап береміз. Үйлер жылыту маусымына дайын емес. Менің білетінім кейбір нәрселер, жертөледе жылу желілері, лифт бұрыштары дайын емес, шайбалар тесік, айналма жолдар жартылай ашық, ысырмалар ұстамайды, көтергіштер бітелген, су ағып жатыр. Көптеген жағдайларда осылай", -  деп жауап берді "Шахтинсктеплоэнерго" ЖШС директоры Мұрат Әлімов.

Осы тұрғыда Шахтинск тұрғындары бәріне өздері кінәлі екендігімен келіспейді және ел Президентіне жүгінеді.

 "Біздің қаланың тұрғындары басшылыққа өте наразы. Көптеген тұрғындар ЖЭО басшылығын ауыстыруды, әкімді қызметінен босатуды талап етеді. Егер өткен жылы, өткен төтенше жағдайларда біз жағдайды түсінуге тырыссақ та бұл мәселелерге терең үңілмеді. Биыл біз жағдайға кіріп, түсінгіміз келмейді", - деп жауап берді ашынған Шахтинск тұрғындарының бастамашыл тобының мүшесі Галина Жильникова.

 "Біз жай ғана Президентімізге көз жасымызбен жүгінеміз. Өйткені біз ол кісіге жүгінбесек, ештеңе өзгермейтін сияқты. Мүмкін болса, антикорға, Экономикалық тергеу департаментіне, үкіметтік комиссияларға жіберуге болатын барлық комиссияларды өтінеміз. Мен халық депутаттарына үлкен сәлем жолдаймын. Шаталин мырза, бізге назар аударыңыз, туған қалаңызға келіңіз. Мұнда не болып жатқанын көріңіз", - деді Шахтинск тұрғындарының бастамашыл тобының мүшесі Татьяна Лопатина.

Әкімдікте ешқандай проблема жоқ, тек азғантай адам шағымданып отыр деп сендірді. Соған қарамастан, бастамашыл топ әкіммен кездесуге шақырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу