Шамалғандағы апаттан жарақат алғандар жансақтау бөлімінде жатыр

1517

Шамалғанда пойыз бен автобустың соқтығысуынан жарақат алған 3 науқастың жағдайы ауыр. 

Шамалғандағы апаттан жарақат алғандар жансақтау бөлімінде жатыр

Бұл туралы ақ халаттылар мәлімдеді.  1986 жылғы келіншек және оның екі қызы да жансақтау бөлімінде жатыр. Үшеуі де бастарынан қатты жарақат алып, қолдарымен қабырғалары көп жерден сынған. Ал жергілікті жұрттың оқиғадан кейін қорқынышы басылар емес.

Шамалғандағы пойыз бен автобусдың соқтығысуына теміржол қызметкері кінәлі болуы мүмкін. Себебі, алдын алу шарасын қарастырмаған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осыған қатысты тергеп-тексеру амалдары жүріп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, автобус арнайы сараптамаға жіберіліп, көліктің қалайша қоршауда қалып қойғандығы анықталуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу