Шетелдегі қандастар туралы "Қиырдағы қазақтар" деректі фильмі түсіріледі

1530

Шетелдегі қандастар туралы "Қиырдағы қазақтар"  деректі фильмі түсіріледі

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен алыс-жақын шетелдерде өмір сүретін қазақтардың тарихы мен күнделікті өмірлері туралы "Қиырдағы қазақтар" атты 8 сериялы деректі фильмнің түсіру жұмыстарының басталуына арналған баспасөз конференция өтті.

Аталған жоба Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының 25 жылдығына арналып отыр. Деректі фильмнің мақсаты – Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының аясында ұлттық санамызды жаңғырту және төл тарихымызға тың серпіліс әкелу. Алыс-жақын шет елдердегі қазақтарды отанымызға оралуға насихаттау.

Түсірілім әлемнің әр елде тарыдай шашыраған қазақтар қоныстанған Ресей, Түркіменстан, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия, Иран, Ауғанстан сынды елдерде жүргізіледі деп жоспарлануда.

Деректі фильмді түсіру барысында ҚР СІМ бірлесе отырып, жоғарыда жазылған елдердегі ҚР елшіліктерімен бірлескен жұмыс атқарылады. Осы жұмыстардың нәтижесі ретінде жоғарыда аталған қалалардағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігін, өткен тарихы мен салт-дәстүрлерін, мәдениетін көрсететін дүние көрермен назарына ұсынылмақ.

Сондай-ақ, National Digital History порталында экспедиция жұмысынан Live режимінде ақпарат таратылып, әлеуметтік желі пайдаланушылары мен интернет қолданушыларына тікелей ақпарат жеткізілетін болады.      

Жоба қазақ халқының мәдениетіне, тарихына және салт-дәстүрлеріне жаңаша тұрғыда қарауға, шетелдегі қазақтардың өмірін шынайы көрсетуге мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу