Шетелдік көліктердің заңдастырылу тәртібіне қатысты шу шықты

585

Шетелдік көліктердің заңдастырылу тәртібіне қатысты шу әлі басылмай тұр. 

Шетелдік көліктердің заңдастырылу тәртібіне қатысты шу шықты Фото: tengrinews.kz

Осыған байланысты бүгін еліміздің бірқатар өңірінде жүргізушілер өз наразылықтарын білдірді. Қарағанды, Павлодар қалаларымен қатар, Шығыс Қазақстандағы жүргізушілер де базыналарын айтып, жауапты мекеме алдына жиналды. Айтуларынша, мұндай көліктерді елде рәсімдеу ісі басталғалы  арада бір ай өтті. 

Қаңтар айының аяғында басталған шетелдік көлікті заңдастыру жұмысына көңілі толмайтындар көбейді. Жүргізушілер мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарын өткізген. Бірақ ондағылар түрлі сылтау айтып, түк бітірмеді  деп қапалы.

Шығыс Қазақстанда шетелдік номерлі нақты қанша көлік жүргені қазір белгісіз. Бүгінге дейін тек 7 жүздей автокөлік заңдастырылған. 

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері автокөлікті қай елден әкелдің, сол елден мемлекеттік тіркеуден шығар  деген талап қоюда. Ал ол жүргізушілердің жанын қинауда. Өйткені, мына автомашинаның бұрынғы иесін табу қиын. Ал табылғандары дәл осы қызметі үшін қосымша бірнеше жүздеген мың теңге сұрауда. Себебі, Қазақстандағы жағдайды жақсы біледі. Сондықтан көлік иесі машинасынан айырылып қалмаудың қалайда қамын жасайды  деп түсінеді. 

Ал полицейлер мұндай көліктердің кейбірі кепілде тұрғанын айтады. Сол жақта салығы төленбегендері де бар көрінеді. Ал күні кеше комитет отырысы өткен. Мәселе енді алдағы бір айда шешімін табады  деп, уәде берді. 

"Қазір келісім сөздер жүргізіліп жатыр. Төрт ведоствомен, төрт минстрлікпен жүргізіліп жатыр. Үкіметтің қаулысына өзгерту кіргізілу керек. Сондықтан бұл бір айлық көлемінде уақыт керек. Мерзім ішінде шешіледі. Бәрі заңдастырылады", дейді ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Еркін Әнуарбеков. 

Алайда жүргізушілер бұл жауапқа толық қанағаттанбады. Әрі күдіктері басымдау. Десе де талайдан бері орталықтың табалдырығын тоздырып жүргендердің үзілгелі тұрған үмітін жалғағандай болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу