"Шикізат жетіспейді": Отандық сүт өндірісі неге қарқын алмай тұрғаны айтылды

251

Былтыр Қазақстанда 2,1 млн тонна сүт өңделді. 

"Шикізат жетіспейді": Отандық сүт өндірісі неге қарқын алмай тұрғаны айтылды Фото: freepik

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бүгінде сүтті қайта өңдеудің дамуын тежеп тұрған факторлар – шикізаттың жеткіліксіздігі және оның қымбаттылығы. Бұл тікелей дайын өнімнің құны мен отандық өнімнің импортпен бәсекеге қабілеттілігіне әсер етеді", - деп түсіндірді ведомство басшысы.

Министрдің дерегіне сүйенсек, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің негізгі бағыттарына сүт, ет, тері және жүнді қайта өңдеу жатады.

"Сүт өңдеу саласында қуаттылығы жылына 2,7 млн тонна сүтті құрайтын 180 кәсіпорын жұмыс істейді. Жалпы жүктемесі шамамен – 77 пайыз. 2023 жылы 2,1 млн тонна сүт өңделді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 13,6 пайызға артық. Жалпы сомасы 584,8 млрд теңге болатын сүт өнімдері өндірілді", - деді Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу