БҰҰ-ның азық-түлік жане ауыл шаруашылығы ұйымы өсімдік майларының бағасы маусым айындағы көрсеткіштен 7,6 пайызға артып, соңғы бес айдағы ең жоғарғы деңгейге жеткендігін хабарлады.
"Күтілетін өндіріс көлемдерінің қысқаруы (мысалы, пальма майы үшін) және халықаралық импорттық сұраныстың артуы мен жұмыс мигранттарының жетіспеушілігі өсімдік майларының негізгі түрлерінің халықаралық бағамдарының өсуіне себеп болды. Өткен айда ФАО (Food and Agriculture Organization) сүт өнімдерінің бағасы 3,5 пайызға қымбаттап, аталмыш өсім санатқа кіретін сары май мен ірімшіктен құрғақ сүтке дейінгі барлық өнімдерді қамтыды",– деп жазады ұйымның ресми ақпарат көзі.
Ақпаратқа сүйенсек, астық бағаларының индексі маусымдағы көрсеткішпен салыстырғанда еш өзгеріске ұшырамаған. Қытай мен Америка Құрама Штаттарының қомақты сатып алулары жүгері мен құмай бағасын күрт қымбаттатып жібергенімен, екінші жағынан 2020 жылғы күріш өнімінің жағымды болжамдары аталмыш дақыл бағасының арзандауына әсер еткен. Ал бидай бағасында елеулі өзгерістер байқалмаған.
Қант бағасының индексі 1,4 пайызға артқан.
"Ет бағаларының индексі бір ай бұрынғы көрсеткіштен 1,8 пайызға, ал өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 9,2 пайызға төмендеді. Шошқа мен қара мал етінің бағамдары шілдеде арзандады: негізгі экспорттаушы аймақтардағы пандемия себебінен болған іркілістерге қарамастан, әлемдегі импорттық сұраныс экспорттық ұсыныстан төмен деңгейде сақталуда. Жем бағасының артуы мен келешектегі сұраныстың төмендеуі салдарынан Бразилиядағы өндіріс көлемдері қысқаруының салдарынан құс еті қымбаттаған",– деп жазылған ұйымның сайтында.