ШҚО-да коронавирусқа қарсы жедел штаб құрылды

2217

12400 арнайы костюм, 670 мың тұмылдырық, 7 млн медицналық маска, 2 жылжымалы капсула дайын тұр. 

ШҚО-да коронавирусқа қарсы жедел штаб құрылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы жедел штаб құрылды. Бұл шара өңірдегі барлық медициналық мекемелерді күшетілген дайындақпен жұмыс істеуге міндеттейді. 

"Біздің облыс Қытаймен шектесіп жатыр. Бұған дейін "Бақты" және "Майқапшағай" кеден бекеттері жабылғанын білесіздер. Семей мен Өскемендегі әуежайларға 3 тепловизор алдырдық. Енді Ақтоғай кентіндегі теміржол стансасына да осындай тепловизор орнату керек. Қазіргі таңда облыс аумағында коронавирус жұқтыру фактілері тіркелген жоқ", – деп жазды облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің "Фейсбуктегі" парақшасында.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, жедел штаб 12400 арнайы костюммен, 670 мың тұмылдырықпен, 7 млн маскамен, 2 жылжымалы капсуламен жабдықталған. Денсаулық сақтау министрлігіне тағы 4 жылжымалы капсула, 18 қорғаныш костюм керек екені туралы тапсырыс беріліпті.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының базасындағы Call-орталық шұғыл желі арқылы елге аурудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу