ШОБ-тан түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке беріледі

1636

Бюджетаралық қатынастарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 

ШОБ-тан түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке беріледі

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының бірінші оқылымында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов корпоративтік табыс салығынан түсетін түсімді жергілікті бюджетке беруді ұсынды.

"Жергілікті бюджеттерге 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын беру ұсынылды. Республикалық бюджетке тек ірі кәсіпкерлік субъектілердің ғана корпоративтік табыс салығы түсетін болады. Сондай-ақ облыстық мәслихаттарға шағын және орта бизнестен түсетін корпоративті табыс салығын облыстық және аудандық бюджет арасында бөлу нормативін белгілеу құқығы берілетін болады. Жергілікті бюджеттерге корпоративтік табыс салығын беру – өңірлер экономикасын, шағын және орта бизнестің дамуын ынталандырып, жергілікті бюджеттердің табысын ұлғайтады",– деді Руслан Дәленов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу